Жарнама
Жарнама

Шерхан Қалмырза Чемпиондар лигасында тарихи рекорд орнатты

Редактор
19.09.2025, 17:21

Қалмырза Лигадағы ең жас қақпашылардың үздік үштігіне енді

әлеуметтік желі

Футболда кейде жеңістен де қымбат сәттер болады. Лиссабонда өткен «Спортингке» қарсы ойында (1:4) 18 жастағы Шерхан Қалмырза дәл сондай тарихи белесті бағындырды.

«Қайраттың» жас қақпашысы пенальтиді қайтара отырып, Чемпиондар лигасының жылнамасына енді. Ол – турнир тарихында он сегіз жасқа жетпей-ақ 11 метрлік соққыны қайтарған ең жас голкипер.

Оған қоса Қалмырза Лигадағы ең жас қақпашылардың үздік үштігіне енді. Әдетте мұндай тізімде Икер Касильяс сияқты аңыздар тұрса, енді сол қатарға қазақ футболының жас өкілі қосылды.

  • Маартен Вандевордт — 17 жас, 287 күн

  • Миле Свилар — 18 жас, 52 күн

  • Шерхан Қалмырза — 18 жас, 96 күн

  • Икер Касильяс — 18 жас, 118 күн

  • Николай Михайлов — 18 жас, 125 күн

Айта кетейік, УЕФА «Қайраттың» қақпашысы туралы маңызды мәлімдеме жасағанын жазған едік.

Реклама
Реклама