Олар Алматыға 6 жарым сағатта ұшып келді
Кипрдің «Пафос» футбол клубы Алматыға келіп жетті. Ертең, 21 қазанда, команда УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі үшінші турда жергілікті «Қайратпен» күш сынасады. Бұл кездесу турнирдегі шешуші ойындардың бірі ретінде қарастырылып отыр.
6 жарым сағатқа созылған сапар сәтті өтті. Кипрлік ақпарат құралдарының хабарлауынша, ойыншылармен бірге команданың жанкүйерлері де Алматыға ұшып келіп, өз командасына қолдау көрсетпек.
Бүгін «Пафос» ресми шараларын өткізеді: сағат 19:30-да бас бапкер Хуан Карлос Карседоның баспасөз мәслихаты өтсе, 20:00-де футболшылардың ашық жаттығуы ұйымдастырылады.