Бүгін Алматыда «Қайрат» пен «Пафос» арасындағы матч өтеді
Кипрлік «Пафос» клубының қақпашысы Михаил Неофитос «Қайратқа» қарсы өтетін ойын алдындағы баспасөз мәслихатында өз әсерімен және Чемпиондар лигасындағы мақсаттарымен бөлісті.
«Мен бұл клубта ойнайтыныма мақтанамын. Соңғы жылдары ол маған көп нәрсе берді. Қазір біз Чемпиондар лигасында өзімізді көрсетуіміз керек. Мен алаңда кездейсоқ жүрген ойыншы емес екенімді дәлелдеуге тиіспін. Сондықтан әр кездесуде бар күшімді салуға міндеттімін», — деді Неофитос.
Айта кетейік, бүгін Алматының Орталық стадионында Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі үшінші тур аясындағы «Қайрат» пен «Пафос» арасындағы матч өтеді.