Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Чемпиондар лигасындағы «Қайраттың» келесі қарсыласы кім?

Редактор
22.10.2025, 10:04

«Қайраттың» еншісінде небәрі бір ғана ұпай бар

ФК «Интер»

Лига чемпиондарының жалпы кезеңіндегі төртінші тур аясында алматылық «Қайрат» италиялық «Интермен» күш сынасады.

Кездесу 5-інен 6 қарашаға қараған түні Миланда (Италия) өтеді. Бұл ойын қазақстандық клуб үшін маңызды сынақ болмақ, себебі алғашқы үш турдан кейін «Қайраттың» еншісінде небәрі бір ғана ұпай бар.

Алғашқы ойында алматылықтар португалиялық «Спортингке» 1:4 есебімен жол берсе, одан кейін өз алаңында испаниялық «Реалдан» 0:5 есебімен ірі жеңіліс тапты. Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі үшінші турда «Қайрат» (Алматы) өз алаңында Кипрдің «Пафос» командасын қабылдап, матч 0:0 есебімен тең аяқталды.

Алдағы турларда «Қайрат» Еуропаның тағы бірнеше мықты қарсыласымен сынға түседі. Команданың қарсыластары қатарында – ағылшындық «Арсенал», бельгиялық «Брюгге», даниялық «Копенгаген» және грекиялық «Олимпиакос» клубтары бар. Бұл кездесулер қазақстандық команда үшін турнирдегі тағдыршешті ойындар болмақ.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама