Жарнама
Жарнама

«Шынайы қорқыныштың не екенін түсінді»: ВВС «Интер» мен «Қайрат» матчына баға берді

Редактор
Бүгін, 10:40

Итальяндықтар алдыңғы үш ойынында бірде-бір доп жібермеген болатын

ФК «Қайрат»

Британияның BBC сайты Миланның «Интер» клубы мен алматылық «Қайрат» арасында Чемпиондар лигасының төртінші турындағы ойынға (2:1) қатысты пікір білдірді.

Мақалада былай жазылған:

«Миланның «Интері» Чемпиондар лигасының биылғы маусымында мінсіз сериясын сақтап қалды, алайда Қазақстанның «Қайратымен» болған матчта команда қорқыныштың қандай болатынын түсінгені анық. Итальяндықтар негізгі кезеңнің алдыңғы үш ойынында жеңіске жетіп, тоғыз гол соғып, бірде-бір доп жібермеген болатын. Бұл кездесуде де басымдық солардың жағында болады деп күтілген. Расында, «Интер» ойынды жоғары қарқынмен бастады. Бірақ Лаутаро Мартинес бірнеше сәтті пайдалана алмай, тіпті бір соққысы қарсыластың қақпа сызығынан қайтты. Ұзақ жүріп, гол тек үзілістің алдында соғылды – капитан Мартинес жақын қашықтықтан допты қақпаға дәл бағыттап, есеп ашты».

BBC дерегінше, алғашқы таймнан кейін бәрі «Интердің» жеңісімен аяқталардай көрінгенімен, екінші таймның басында алматылық «Қайрат» күтпеген жерден есепті теңестірді – Офри Арад баспен төменгі бұрышқа дәл соққы жасады.

«Соған қарамастан «Интер» сабыр сақтап, қайтадан алға шықты. Карлос Аугустоның айып сызығынан жасаған жойқын соққысы командаға жеңіс әкелді», – деп жазды басылым.

Материал соңында BBC былай түйіндейді:

«Төрт тур қорытындысы бойынша «Интер» «Бавария» және «Арсеналмен» бірге турнир кестесінің көшін бөлісіп тұр – барлығының еншісінде 12 ұпайдан. Ал «Қайрат» өз тарихындағы алғашқы жеңісіне әлі де үміт артып отыр.

Реклама
Реклама