Арық сөйлеп, семіз шықтық дейді Олимпиада жүлдегері
Грек-рим күресінен Париж Олимпиадасында күміс жүлдегер атанған қазақ балуаны Демеу Жадраев жақын уақытта спорттағы мансабын аяқтамайды. 35 жастағы спортшы бұл туралы «Бірінші бол» YouTube-каналында болған сұхбатта айтты.
«Қазір біраз уақыт демалып, халықтың арасында боламын. Журналистермен кездесемін. Сосын қайта жаттығуымды бастаймын. Алда оқу-жаттығу жиындары бар. Әлем чемпионаты бар. Дайындалуы керек. Күресті тастау туралы әлі ойланған жоқпын», - деді ол әңгіме барысында.
Сондай-ақ, Демеу Париждегі финалдық белдесуге де тоқталып, қырғыз балуандарымен достығы жайында айтып өтті. Сұхбат барысында ол командаластарының өнеріне баға беріп, дінге деген көзқарасын жеткізді.