Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Байдың балалары бокс пен күреске бармайды»: Ақжүрек Таңатаров балуандардың неліктен бұзық болатынын айтты

12.03.2025, 15:18

Даңқты спортшының өзі де жас кезінде бұзық болғанын жасырмайды

коллаж: 1bol.kz

Еркін күрестен Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері, Азия чемпионы Ақжүрек Таңатаров балуандардың жиі төбелеске баруының себебін түсіндірді. «Бірінші бол» жобасына сұхбат берген экс-спортшы былтыр Таразда өткен халықаралық турнирдің әр күнінде жанжал болғанын жасырмады.

«Күрес түрлеріне, бокс пен ауыр атлетикаға жағдайы бар байдың балалары ешқашан келмейді. Байдың баласы – тәртіпті, ол алдымен ағылшын тілі курсына барады, одан шығып гимнастикасына барады, жүзу спортына барады, сабағын оқиды. 

Ал, жекпе-жек спорт түрлері болса ай сайын ақша төлеуді қажет етпейді, яғни қолжетімді. Тегін болған соң жағдайы төмен ата-ана «балам көшеге түсіп кетпесін, бұзылып кетпесін» деп бәрі баласын осында әкеледі. Ол балалардың әрбірі бір үйдің еркесі, олар көп, бәрін ұстап тұру қиын», - дейді даңқты балуан.

Яғни, күш-қуаты тасыған ер балалар арасында бәсекелестіктің артқан кезде ерегес пен жанжалдың туындауы заңдылық дейді ол.

Оның сөзінше, күрес түрлерінің ішінде әсіресе, еркін күрес балуандары жиі төбелеске баоады екен. Грек-рим мен қазақ күресінде, дзюдода мұндай «жаға жыртысулар» сирек болатын құбылыс деп ойын түйді Таңатаров.

Еске салайық, жуырда ғана Алматыда өткен әлемдік PWL турнирінде ресейлік бапкер мен болгариялық балуан арасында ерегес туып, соңы төбелеске ұласа жаздаған еді.

Жарнама
Жарнама