Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Кеңес Рақышев берген $3500 жалақыдан қолыма тек 100 доллары ғана тиіп отырды – Ақжүрек Таңатаров

12.03.2025, 16:07

Ол спортшы кезінде өзіне қысым мен кедергілердің көп болғанын жасырмады

коллаж: 1bol.kz

Еркін күрестен Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері, Азия чемпионы Ақжүрек Таңатаров саладағы коррупция туралы айтты. Белгілі спортшыны бүгінде күрес түрлері федерациясына қызметке, тіпті қарапайым бапкер болуға да «жолатпайды» екен. Бұл туралы Таңатаров «Бірінші бол» YouTube-каналында болған подкастта мәлімдеді.

Экс-балуанның сөзінше, ол жастайынан спорт шенеуніктерінің «қара тізіміне» енген екен. Өйткені, спортшылардың шығынына мемлекеттен бөлінетін қаражаттың есебін сұрап, ақшаның біреудің қалтасында кетпеуін қадағалайды екен. Соған қарамастан, ол өзіне тағайындалған жалақының көп бөлігін сол күйі ала алмай кеткенін айтады.

– Бұрын спортшыларға күнделікті тамағына деп ақша бөлінетін. Соны үлкендер балаларға бәрін бермей, біразын өздеріне алып қалатын. Мен сондайға жол бермейтінмін, «бәрін түгел әкел» деп ақшаны санап алатынмын. Тіпті, бөлмеде жанымда жататын балалардың да тамаққа деген ақшасын алдыртып беретінмін. Содан мені бәрі жек көрді, жарыстарға апармай жолымды кесті. Тіпті, 2008 жылы Олимпиадаға апармай жолымды кесті. 2012 жылы әйтеуір суырылып шығып бардым.

– Сол кезде сізге Кеңес Рақышевтің көмегі тиді иә, шатаспасам?

– Иә, Кеңес Рақышев маған жеке жалақы тағайындады. Бірақ, соның өзі маған толық жетпей, жарты жолдан қолды болып отырыпты. Кейін оны өзі де естіпті.

– Қанша жалақы еді?

– 3 500 доллар тағайындапты. Бірақ, мен соның тек 100 долларын ғана алып отырдым ай сайын.

Жарнама
Жарнама