Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Төрехан кімге ренжіді? Парижден кейінгі ауыр соққы. Жұлдыз ауруына шалдықпаған жұлдыздар

21.04.2025, 09:48

Махмұд Сабырхан Париж Олимпиадасынан бері ешқандай БАҚ-қа сұхбат бермеген

коллаж: 1bol.kz

5 сәуірде Астанада өткен кәсіпқой бокс кешінде ағайынды Махмұд пен Төрехан Сабырхан дебют жасаған болатын. Екеуі де қарсыласын нокаутпен жеңді. Осы жекпе-жектерден кейін қос боксшыны «Бірінші бол» YouTube-каналының студиясына шақырып, ашық әңгімеге тарттық.

Айта кету керек, Махмұд Сабырхан былтыр Париж Олимпиадасындағы сәтсіздіктен кейін еш БАҚ-қа сұхбат бермеген. Осы жолы Парижден кейінгі ауыр соққы, жанкүйерлер тарапынан болған хейт, кәсіпқой боксқа ауысу жоспары және алғашқы гонорары жайында айтып берді.

Төрехан Сабырхан болса биылдан бастап жастардан ересектер құрамасына толықтай ауысып, жаңа белестерді бағындыруға кірісіп кетті. Десе де, Түркістан облысының тумасы енді Атыраудың атынан өнер көрсетеді. Өйткені, туған өңірінің билігі тиісті деңгейде қолдау көрсетпеген.

Әкенің темірдей тәртібі мен бапкердің жанқияр еңбегі Махмұд пен Төреханды әлемдегі ең танымал әуесқой боксшылардың қатарына қосты. Ендігі мақсат – Олимпиада чемпионы атанып, артынша кәсіпқой бокс әлемін мойындату.

Жарнама
Жарнама