Абат Айымбетовтің Түркияда қанша жалақы алатыны белгілі болды

Редактор
02.02.2024, 17:56

28 жастағы шабуылшы түрік клубымен 1,5 жылдық келісімшарт жасасты

twitter.com/AdsKulubu

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетовтің Түркия Суперлигасында өнер көрсететін «Адана Демирспор» клубына ауысқанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Түрік клубы қазақ футболшысын 1,5 жылдық келісімшартпен өз қатарына қосқан. Екі тарап қарсылық танытпаса бұл контракт мерзімі тағы бір жылға созылады.

«Адана Демирспордағы» футболшылардың орташа жалақысы жылына 500-700 мың еуро. Абат та осы көлемде табыс табады», - деп жазды meta-ratings.kz сайты.