Қазақ судьясына «чукча» деген орыс бапкері жазаланбайтын секілді

Редактор
03.02.2024, 12:15

Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшілігі мәлімдеме жасады

скрин

Футболдан медиалига клубтарының арасында Қостанайда өткен жарыста ресейлік 2Drots командасының бапкері Дмитрий Кузнецов пен оның көмекшісі қазақ судьясын балағаттаған. Сондай-ақ, оны «чукча» деп атаған.

Осы сәттің видеосы әлеуметтік желіде тез тарап, қоғамда резонанс туғаннан кейін Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшілігі жауап қатты.

«Бапкердің мұндай әрекетін дұрыс емес деп есептейміз. Кейбір ресурстарда ресейліктердің қазақстандықтарға көзқарасы осындай деген сарында ақпарат та тарап жатыр. Бұл жалған ақпарат. Ресейлік команданың бапкері ресми тұлға емес, сондықтан оның айтқан сөзін бүтін бір мемлекеттің атына таңу дұрыс емес», - деп мәлімдеді елшіліктің баспасөз қызметі.