Жарнама
Жарнама

Бахтиер Зайнутдинов Ресейде қиын жағдайға қалды – шетелдік футбол сарапшысы

Редактор
24.11.2025, 18:04

Шмельковтың пікірінше, Зайнутдинов орталық алаңда немесе қапталда әлдеқайда пайдалы болар еді

ҚФФ

Ресейлік футбол маманы Артем Шмельков Қазақстан құрамасының тарихындағы ең үздік бомбардир Бахтиёр Зайнутдиновтың Мәскеудің «Динамо» клубындағы жағдайына қатысты ойын білдірді.

Шмельков ASnews.kz сайтына берген сұхбатында Зайнутдиновтың негізгі қиындықтарының бірі – оның жарақаты.

«Басты мәселе – бапкердің ауысуы емес, оның денсаулығы. Әйтпесе, нағыз жұлдызы жарқырайтын шағында. Бірақ соңғы үш маусымның екеуін жарақатпен өткізді. Толыққанды ойнаған жалғыз маусымы – «Бешикташ» командасындағы кезең. Бұл алаңдатады», – деді сарапшы.

Сарапшы Зайнутдиновтың әлеуеті мүлде басқа орында ашылатынын айтады.

«Ол – ақылды, жан-жақты ойыншы. Бірақ орталық қорғаушы емес. Карпин неге оны қорғаныс орталығына қойды – түсінбеймін. «Динамода» қорғаныста тұрақсыздық болды: қай ойыншыны қойсаң да сенімді көрінбеді. Сол себепті Баханы бұл позицияға қою – оны «подставить» етумен бірдей», – дейді маман.

Шмельковтың пікірінше, Зайнутдинов орталық алаңда немесе қапталда әлдеқайда пайдалы болар еді.

«Ол – шабыт беретін, шығармашылыққа бейім футболшы. Неге сол жақ қорғаушы орнындағы бәсекеге түсіп көрмеске? Онда аса мықты ойыншылар жоқ. Рубенс пен Скопинцев – жақсы, бірақ Лаксальт секілді позицияны тас қып бекітетін деңгейде емес», – дейді ол.

Зайнутдинов биыл жазда Валерий Карпиннің шақыртуымен «Динамоға» келген еді. Қазір команданы Ролан Гусев жаттықтырады.

Алайда Қазақстан футболының жұлдызы жаңа клубында өзін толық көрсете алған жоқ:

  • 10 матч
  • Гол немесе ассист – 0
  • Екі рет жіберілген гол тікелей оның қателігінен
  • Жарақат салдарынан 2 ай жасыл алаңға шыға алмады

Бахтиёр Зайнутдинов – Қазақстан футболының ең жарқын ойыншыларының бірі. Бірақ «Динамодағы» қазіргі жағдай оның әлеуетін толық ашуға мүмкіндік бермей тұрған сияқты. Сарапшылар да, жанкүйерлер де оның өзіне табиғи әрі ыңғайлы позицияда ойнағанын қалайды

Реклама
Реклама