Жарнама
Жарнама

Мбаппе мен Винисиус тағы сөзге келіп қалды: жағдай ушығып барады

Редактор
24.11.2025, 18:27

Мбаппе Винисиусты жеке басының қамын ғана ойлайды деп айыптаған

©ФК "Реал Мадрид"

Мадридтің «Реал» клубындағы Килиан Мбаппе мен Винисиус Жуниор арасындағы текетірес қайта ушығып жатыр.

Don Balon таратқан ақпаратқа сәйкес, «Эльчемен» (2:2) өткен ойындағы тең нәтижеден кейін киім ауыстыратын бөлмеде екі жұлдыз сөзге келіп қалған. Мбаппе Винисиусты команда мүддесін ескермей, жеке басының қамын ғана ойлайды деп айыптаған. Бразилиялық футболшы да французға дәл сондай уәжбен жауап беріп, Мбаппенің қателіктерін бетіне басқан. 

Екі ойыншы арасындағы дау бұған дейін болған. Тек Карло Анчелоттидің жағдайдың ушығып кетпеуін бақылап отыруға шамасы жетсе, Хаби Алонсоның тұсында шиеленіс күшейіп барады. Кейбір деректерде бас бапкердің Мбаппенің сөзін сөйлеуі де команданың ішкі ахуалына кері әсер етіп отыр деп көрсетілген. 

Бұл текетірес клуб басшылығын қатты алаңдатып отыр. Маусымның шешуші кезеңіне жақындағанда мұндай қарым-қатынас жалпы нәтижеге де әсер етуі бек мүмкін.

Еске сала кетейік, бұған дейін Винисиус әлеуметтік желідегі парақшаларынан «Реалға» қатысты ақпараттарды өшіріп тастаған еді. Осыдан кейін жанкүйерлер оның клубтан кеткісі келіп жүр деп болжаған.

Реклама
Реклама