Жарнама
Жарнама

Черчесов Қазақстан құрамасының ойыншысын алаңға шығармай қойды

Редактор
25.11.2025, 15:29

Бұған дейін клуб «Спартактан» (1:2), «Балтикадан» (0:2) және «Сочиден» (2:4) ұтылған еді.

әлеуметтік желі

Өткен демалыста Шешенстанның «Ахмат» клубы жанкүйерлерін қуанта алмады.  Команда сырт алаңда «Рубиннен» 0:1 есебімен ұтылды. Бұл жеңіліс грозныйлықтар үшін Премьер-лигадағы қатарынан төртінші ойындағы сәтсіздік болды.

Бұған дейін клуб «Спартактан» (1:2), «Балтикадан» (0:2) және «Сочиден» (2:4) ұтылған еді.

Opta деректеріне сүйенсек, бұл серияның ерекше тұсы бар: Станислав Черчесов бапкерлік карьерасында алғаш рет Премьер-лигада қатарынан төрт матчта жеңіліс тапты. Ресей чемпионатында ол жалпы 156 ойын өткізген, бірақ мұндай нәтижесіз кезең бұрын болмаған.

Айта кетейік, «Рубинге» қарсы ойында Черчесов Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородовты алаңға шығармады.

Келесі турда «Ахмат» өз алаңында Мәскеудің «Динамосын» қабылдайды. Кездесу 30 қараша, жексенбі күні өтеді.

Реклама
Реклама