Жарнама
Жарнама

«Қайрат» Чемпиондар лигасының алғашқы плей-офф матчында жеңіске жетті

Редактор
25.11.2025, 09:47

Алматылықтар ойын тізгінін толық өз қолына алды

ФК «Қайрат»

Футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясында қазақстандық «Қайрат» сырт алаңда Бельгияның «Андерлехтін» 7:3 есебімен еңсеріп, келесі кезеңге шығу мүмкіндігін арттырды.

Росдалде өткен алғашқы кездесуде алматылықтар ойын тізгінін толық өз қолына алды. Команданың бразилиялық легионерлері матчтың басты ойыншыларына айналды:

  • Атирсон Оливейра — дубль (11, 26-минуталар),

  • Лукас Отанья — дубль (12, 40),

  • Кайо Руис — бір гол (2).

Қазақстан құрамасының ойыншылары да шабуылды нәтижелі жалғастырды:

  • Даурен Тұрсағұлов — (21),

  • Біржан Оразов — (29).

«Андерлехт» сапынан Ранжел мен Грелло, сондай-ақ испан ойыншысы Эрик Панес Феликс қарсы голдармен көзге түсті.

Шешуші жауапты матч 5 желтоқсанда Алматыда өтеді. Екі ойын қорытындысы бойынша жеңімпаз ширек финалда Испанияның «Картахенасы» немесе Мальтаның «Луксол Сент-Эндрюс» клубымен жолығады.

Реклама
Реклама