Жарнама
Жарнама

Дидар Сыдықбек «Тараз» футбол клубын басқарады

Редактор
08.12.2025, 17:53

Ол бұған дейін «Атырау» футбол клубының бас менеджері болып жұмыс істеді

ҚФФ

Қазақстандық маман Дидар Сыдықбек «Тараз» футбол клубының директоры қызметіне тағайындалды.

Дидар  Сыдықбек 1993 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Кәсіпқой футболшы ретінде «Қызылжар», «Астана-1964», «Ақтөбе», «Ордабасы» секілді клубтардың намысын қорғап, Қазақстан жасөспірімдер құрамаларының (U-17, U-19) және жастар құрамасының (U-21) ойыншысы болды.

2012 жылы Қазақстанның кәсіпқой бірінші лигасында «Үздік жас футболшы» атағына ие болды.

Спорттық мансабын аяқтағаннан кейін түрлі салада еңбек етіп, футбол менеджментіне батыл қадам жасады. «SD Family» директоры ретінде жеке футбол клубын, стадионды және балалар академиясын ашып, қазақстандық медиа футбол федерациясының негізін қалады. Сонымен қатар ҚФФ жүзеге асырған «Алаң» инфрақұрылымдық жобасында кеңесші қызметін атқарды.

2025 жылы Дидар Сыдықбек «Атырау» футбол клубының бас менеджері болып жұмыс істеді. Оның басшылығымен команда Қазақстан Премьер-лигасындағы орнын сақтап қалды.

Реклама
Реклама

Материалда: