Жарнама
Жарнама

Дастан Сәтпаев Қазақстаннан кетті

Редактор
08.12.2025, 17:19

Иалантты футболшы елордаға командасымен бірге келген жоқ

"Қайраттың" баспасөз қызметі

Қазақстан құрамасы мен «Қайрат» клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаев Германияда ем қабылдап жатыр.

Бұл туралы журналист Эльдар Аманбаев жазды.

Оның айтуынша, талантты футболшы елордаға командасымен бірге келген жоқ.

«Қазақстан футболының жарқын жұлдызы Дастан Сәтпаев бұл жолы «Қайратпен» бірге Астанаға келмеді. «Челсидің» болашақ шабуылшысы қазір Германияда жарақатына байланысты ем қабылдап жүр», — деп жазды Аманбаев Telegram-арнасында.

Еске сала кетейік, Чемпиондар Лигасының жалпы кезеңінің 5-турында «Копенгагенге» (2:3) қарсы матчта 17 жастағы Сәтпаев үшінші сары қағазын алып, «Астана Аренада» өтетін «Олимпиакосқа» қарсы ойында алаңға шыға алмайтын болды.

Айта кетейік, Чемпиондар Лигасының 6-турындағы «Қайрат» — «Олимпиакос» матчы 9 желтоқсанда Астанада өтеді.

Реклама
Реклама

Материалда: