Жарнама
Жарнама

Дастан Сәтпаев 2026 жылы ұлттық құрамадан шет қалуы мүмкін

Редактор
Бүгін, 15:47

Сәтпаев жас мөлшеріне сай U-19 командасына толық сәйкес келеді

ҚФФ

Алматылық «Қайраттың» жас жұлдызы, 17 жастағы Дастан Сәтпаев келесі жылы Қазақстанның ересектер құрамына шақырту алмауы ықтимал. Бұған талантты футболшының 2026 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінде Қазақстан U-19 құрамасының сапында ойнауы басты себеп болуы мүмкін.

ҚФФ Ұлттық құрамалар департаментінің менеджері Рахат Әкімқұлдың айтуынша, Сәтпаев жас мөлшеріне сай U-19 командасына толық сәйкес келеді және оның тәжірибесі мен шеберлігі шешуші кездесулерде айтарлықтай көмек бере алады.

«Дастан Сатпаев U-19 құрамасына ойнай алады. Егер жастар құрамасының бапкерлік штабы ұлттық құраманың жаттықтырушыларымен келісімге келсе, оны шақыруға болады. Себебі, ол 2008 жылы туған. Наурыз айында ол ұлттық құраманың сапында FIFA Series аясында өтетін жолдастық ойындарға қатысады. Егер жаттықтырушылар оны жолдастық кездесулерге емес, элиталық раунд матчтарына қосу жөнінде келіссе, бұл мүмкін нұсқа», — деді Әкімқұл ҚФФ президентінің кеңесшісі Нұрсұлтан Құрманға берген сұхбатында.

Айта кетейік, Қазақстанның U-19 құрамасы Еуро-2026 турнирінің элиталық іріктеу сатысында 5-топқа түсті. Қарсыластары — Украина, Румыния және Солтүстік Ирландия.

УЕФА шешімі бойынша, топтың барлық матчтары 2026 жылдың 25–31 наурызы аралығында Румынияда өтеді.

Реклама
Реклама

Материалда: