Жарнама
Жарнама

«Қайрат» академиясының тағы бір түлегі еуропалық клубқа ауысып кетті

Редактор
20.12.2025, 11:38

Ол алдағы уақытта ұлттық құрама сапына қосылатынын сеніммен айтты

ФК "Генк"

«Қайрат» футбол академиясының түлегі Шахмұрат Дәулетов Бельгияның «Генк» клубына ауысты. Жас шабуылшы жасөспірімдер арасындағы Чемпиондар лигасында ойнап та үлгерген. 

«Kassim – Это Футбол» YouTube-каналына сұхбат берген Шахмұрат өзін болашақта Қазақстан құрамасында көретінін жасырмады.

«Әрине, мен Қазақстан құрамасы үшін ойнаймын, өйткені бұл менің Отаным. Күні бүгінге дейін осы елде тұрдым. Сондықтан, маған таңдау туса - мен Қазақстанды таңдаймын. Өзіңнің шыққан жеріңді ұмытпау керек. Мені дақын күндері ұлттық құрама сапында күтіңіздер. Қазақстанды әлем чемпионатына шығарамын», - деді Дәулетов.

Айта кету керек, қазақ футболшысы бұған денйін Түркияның «Антальяспоры» мен Бельгияның «Беерсхот» клубтарында ойнап үлгерген.

Реклама
Реклама