Жарнама
Жарнама

ҚФФ Қазақстан құрамасының бас бапкеріне қатысты мәлімдеме жасады

Редактор
24.12.2025, 16:32

Омаровтың айтуынша, қазіргі таңда нақты шешім қабылданбаған

ҚФФ

Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров ұлттық құраманың бас бапкерін тағайындау мәселесіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы «Дядя Ваня» Telegram-арнасы жазды.

Омаровтың айтуынша, қазіргі таңда нақты шешім қабылданбаған.

«Бұл бағытта әлеуетті үміткерлермен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Барлық шарттарды Талғат Байсуфиновпен де талқылаймыз. Келер жылдың басында мәселе өз шешімін табады деп ойлаймын», — деді ол.

Сонымен қатар федерация басшысы ұлттық құраманың алдағы FIFA Series турниріне дайындықты қазірден бастау қажеттігін атап өтті. Алғаш рет өтетін бұл ресми жарыс келесі жылдың наурыз–сәуір айларына жоспарланған. Қазақстан турнирді қабылдайтын елдердің қатарына енді. Әр топта әр құрлықтан келген төрт ұлттық құрама бақ сынайды. Қатысушылардың толық тізімі келер жылдың басында жарияланады.

Айта кетейік, 2025 жылғы 30 қыркүйекте Талғат Байсуфинов Қазақстан құрамасының бас бапкерінің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалған еді. Ол бұл қызметке отандық маман Әли Алиев отставкаға кеткеннен кейін кірісті. Байсуфиновтың жетекшілігімен ұлттық құрама төрт матч өткізді: бір жеңіске жетіп, екі кездесуде тең ойнады және бір ойында жеңіліс тапты.

Реклама
Реклама

Материалда: