Жарнама
Жарнама

Неміс футболшысы қайғылы жағдайда қаза тапты

Редактор
24.12.2025, 16:54

Ол демалыста жүрген кезінде 70 метр биіктіктен құлап кеткен

Getty sport

34 жастағы неміс футболшысы Себастьян Хертнер Черногориядағы тау шаңғысы курортында болған қайғылы оқиға салдарынан қайтыс болды.

Ол демалыста жүрген кезінде 70 метр биіктіктен құлап кеткен. Оқиға 20 желтоқсан күні Дурмитор тауындағы Савин-Кук шыңына апаратын көтергіште болғаны айтылды.

Алдын ала анықталған ақпарат бойынша, көтергіш жүйесінде қарама-қарсы келе жатқан екі орықдықтың соқтығысуы салдарынан апатқа ұшыраған. Сол сәтте Себастьян Хертнер орындықтан құлап, алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Оның жұбайы креслода қысылып қалып, түрлі жарақат алған. Кейін құтқарушылар көмегімен төменге түсірілгені мәлім болды.

Себастьян Хертнер «Штутгарт» клубының түлегі. Ол Германияның жасөспірімдер құрамасы сапында 19 матч өткізген. Кәсіби мансабында Германияның екінші лигасында «Эрцгебирге», «Дармштадт» және «Мюнхен 1860» клубтарында өнер көрсеткен.

Реклама
Реклама

Материалда: