Словенияны жеңсек Еуроға шығамыз. Қуат Хамитке жауап

Редактор
19.10.2023, 22:31

H тобында аш қасқырлар көп. Әзірге бұл топтан еш команда Еуро-2024 додасына жолдама алған жоқ.

Скриншот

Словения, Дания және Қазақстан құрамалары соңғы турға дейін топтан шығуға таласады. Өйткені жолдама алуға деген мүмкіндік осы үш құрамада ғана қалды.

Бүгінгі подкаста Копенгагендегі жеңіліс (Дания), Хельсинкидегі ұлы жеңіс (Финляндия) туралы айттық.

Сырт алаңдағы екі ойынды өз көзімен көріп қайтқан белгілі футбол сарапшысы Ермұхамед Мәулен және спорт комментаторы Уәлихан Қосанбай ұлттық құраманың Еуроға мүмкіндігін, үмітін айтты. 

Қазақстан құрамасы іріктеу сынындағы қалған екі матчта жеңіске жетсе (Сан-Марино, Словения), 2024 жылы Еуро финалдық кезеңінде атой сала аламыз ба? Әлде Қазақстан Еуро додасына Ұлттар лигасы арқылы шыға ма?

Подкаст жүргізушісі:

Олжас Байбосын

Подкаст қонақтары:

Ермұхамед Мәулен

Уәлихан Қосанбай