Отандық телеарналар спорт комментаторларының еңбегін тиісті деңгейде бағаламайтын көрінеді
Қазақстанға шақыртылатын шетелдік спорт комментаторлары отандық мамандардан қарағанда жүздеген есе көп гонорар алады. Бұл туралы «Бірінші бол» YouTube-каналында болған подкастта комментатор Олжас Байбосынов айтты.
Спорт журналисінің сөзінше, Astana Open теннис турнирін жүргізуге шақырылған ресейлік комментатор Сергей Деряпкиннің қаламқысы отандық мамандардан тура 100 есеге көп болған.
Ал, журналист Ермұхамед Мәулен болса қазақстандық телеарналар отандық спорт комментаторларының еңбегін тиісті деңгейде бағаламайтынын айтып қалды.
«Шетелден орыстілді маман шақырып, оған қаржыны – көп, жанында отырған қазақтілді маманға аз берсе, мұны сынау қажет. Бұл біздің телеарналарда бұрыннан көтеріліп келе жатқан мәселе. Бұл – деген адам еңбегін бағаламау. Қалай бағалау керегін білмеу. Мысалы, Оқжетпес – Ақжайық» командаларының ойынына да, әлем чемпионаты болып жатқанда Аргентина – Франция ойына да бірдей гонорар аласыз. Екі ойынның маңыздылығы екі түрлі. Әлем чемпионатының жартылай финалы мен финалына төленетені ақшаны ең болмаса екі есеге өсіруге болады ғой», – дейді Ермұхамед Мәулен.