Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Әл Иттихад» Мохамед Салахты 200 млн фунтқа сатып алмақшы

Редактор
06.02.2024, 13:08

Келіссөз 6 ақпанда шешілмесе, арабтар өзге футболшыларды қарастырады

Чемпионат

Сауд Арабиясының «Әл-Иттихад» футбол клубы «Ливерпуль» шабуылшысы Мохамед Салахты сатып алу үшін келіссөз жүргізіп жатыр деп хабарлады Sports.ru.

Англия клубы Салахты сатқысы келмейтінін мәлімдесе де арабтар 200 млн фунт ұсынған. Daily Mail хабарлауынша, арабтардың делегациясы қазір Лондонға арнайы келіп, «Ливерпуль» басшыларын көндіру үшін барын салуда.

Саудиядағы трансферлік кезең осы аптаның бейсенбісінде аяқталады. Егер сейсенбі күні Салах бойынша келіссөз оң шешілмесе «Әл-Иттихад» басшылары Еуропадан басқа футболшыларды қарастырады.

Саудиялық команда басшыларының айтуынша, Салахтың өзі команда ауыстыруға қарсы емес. Тек «Ливерпуль» директорлары оны жібергісі жоқ.

Жарнама
Жарнама