Ол тіпті футболшылар берген сыйлықты алмай кеткен
«Романың» бас бапкері болған португалдық маман Жозе Моуриньюның өкпесі қара қазандай. Ол италиялық клуб ойыншылары өзін сатып кетті деп есептейді.
II Messaggero басылымы хабарлағандай, Моуринью отставкаға кеткен күні-ақ оның орнына Даниеле де Росси тағайындалған. Сол жайтты Жозе өте ауыр қабылдапты. Тіпті, өзіне жасалған сатқындық деп бағалаған.
Моуриньюның ренжігені сонша, ол Конференция Лигасындағы жеңістен кейін ойыншылары сыйға тартқан алтын сақинаны алмай, киім аусытыратын бөлмеге тастап кетіпті.
Еске салайық, «Романың» А сериясындағы сәтсіз ойындарынан кейін клуб басшылығы Жозе Моуриньюмен келісімшартты 16 қаңтарда шұғыл үзді.