Жарнама
Жарнама

«Қайрат» футболшылары Абу-Дабиге аттанады

Редактор
03.01.2026, 10:43

Команда үш апталық демалыстан кейін жаттығуға кіріседі

“Қайрат” ФК

4 қаңтар күні таңертең ерте «Қайрат» Біріккен Араб Әмірліктеріне аттанып, 15 қаңтарға дейін жалғасатын оқу-жаттығу жиынын өткізбек.

Жиынның негізгі мақсаты — оңтайлы физикалық формаға келу және ресми матчтарға дайындық.

2 қаңтарда команда үш апталық демалыстан кейін базаға жиналып, бастапқы медициналық тексеруден өткені хабарланды.

Абу-Дабиде командамыз екі бақылау кездесуін өткізеді:

9 қаңтар «Нефтчи»
14 қаңтар «Вараждин»

Еске салсақ, 20 қаңтарда сары-қаралар Астанада бельгиялық «Брюггемен» ойнайды, ал 28 қаңтарда Лондонда УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі соңғы матчты «Арсеналға» қарсы өткізеді.

Реклама
Реклама