Жарнама
Жарнама

«Қайраттың» ойындары тікелей эфирде көрсетілмейтін болды

Редактор
09.01.2026, 09:50

Клуб әзербайжандық «Нефтчи» және хорватиялық «Вараждинмен» кездеседі

© Craig Williamson - SNS Group / Contributor / SNS Group

«Қайрат» Абу-Дабидегі оқу-жаттығу жиындары аясында әзербайжандық «Нефтчи» және хорватиялық «Вараждинмен» бақылау матчтарын жабық режимде өткізетін болды.

Алматылық клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, қос кездесу тікелей эфирде көрсетілмейді.

«Ертең Алматы уақытымен сағат 18:00-де бакулық «Нефтчимен» ойнайды. Ал жиындардың қорытынды матчы хорватиялық «Вараждинге» қарсы 14 қаңтар күні сағат 18:00-де өтеді. Матчтардың тікелей трансляциясы жоспарланбаған, - деп жазылған «Қайрат» футбол клубы таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, «Қайрат» 20 қаңтар күні Чемпиондар лигасының топтық кезеңдері аясында өз алаңында бельгиялық «Брюггеге» қарсы ойын өткізеді.

Реклама
Реклама