Жарнама
Жарнама

«Алтын допты» екі рет иеленген футболшы қатерлі ісікке шалдықты

Редактор
09.01.2026, 09:54

74 жастағы Кевин Киган «Ньюкасл», «Ливерпуль», «Сканторп Юнайтед» сапында ойнаған

© Associated Press

«Алтын доптың» екі дүркін иегері, ағылшын футболының танымал өкілі Кевин Киганға қатерлі ісік диагнозы қойылды. Бұл туралы ол бұрын өнер көрсеткен «Ньюкасл Юнайтед» клубының ресми сайтында ақпарат жария болды.

Клубтың мәлімдемесінде Кевин Киганның іш құрылысы аумағындағы ұзаққа созылған ауырсынуға байланысты ауруханаға жатқызылғаны айтылып, қосымша тексерулер нәтижесінде қатерлі ісік анықталғаны мәлім болып отыр.

Бүгінде Киган ем қабылдау шараларын бастап, ол дәрігерлерге көрсетілген жедел көмек пен күтім үшін алғыс білдірген көрінеді. Ал оның отбасы мүшелері бұл қиын кезеңде жеке өмірге құрметпен қарауды сұрап, қосымша пікір білдіруден бас тартты.

74 жастағы Кевин Киган Германияның «Гамбург» клубында ойнаған жылдары 1978 және 1979 жылдары қатарынан «Алтын допты» жеңіп алған. Ол аталған марапатты екі рет иеленген ағылшын футболының жалғыз өкілі.

Киган ойыншы ретінде «Ньюкасл», «Ливерпуль», «Сканторп Юнайтед», «Саутгемптон» және Австралияның «Блэктаун Сити» клубтарының намысын қорғаған. «Ливерпуль» сапында үлкен жетістіктерге жетіп, Англия чемпионатын үш рет, Англия Суперкубогын екі рет, УЕФА кубогын, сондай-ақ Англия кубогы мен Чемпиондар кубогын жеңіп алған. Сондай-ақ, «Гамбург» клубымен бірге Германия чемпионы атанып, ел кубогын иеленді.

Бұан бөлек, бапкерлік мансабында Киган «Ньюкасл», «Фулхэм», «Манчестер Юнайтед» клубтарын және Англия ұлттық құрамасын жаттықтырды.

Реклама
Реклама

Материалда: