Үш футболшының да Ресей чемпионатында ойын тәжірибесі бар
«Қайрат» футбол клубының жартылай қорғаушысы Еркебұлан Сейдахмет «Матч ТВ» телеарнасына берген сұхбатында экс-командаласы Нұралы Әліп пен «Бешикташ» ойыншысы Бақтиер Зайнутдинов туралы өз пікірін айтты.
Айта кету керек, Еркебұланның өзі Ресей чемпионатында доп тепкен. Нұралы қазір «Зенитте» ойнаса, Бақтиер былтырға дейін ЦСКА-ның сапында болды.
«Нұралы мен Баха көпке үлгі болатын ойыншылар. Жастар оларға қарап бой түзеуі керек», - деді Еркебұлан Сейдахмет сұхбат барысында.
Ол сондай-ақ, Нұралы Әліппен достық қарым-қатынаста екенін, оған жанкүйер болып жүргенін жасырмады.