Қазақстандық футболшы былтыр мәскеулік ЦСКА-дан Түркияға көшкен болатын
«Бешикташ» футбол клубының басшысы Самет Айбаба «Матч ТВ» телеарнасына берген сұхбатында Қазақстан футболшысы Бақтиер Зайнутдиновке қатысты пікірін айтты.
Маманның мәлімдеуінше, түрік клубы Зайнутдиновты таңдағанда қателеспеген. Қазақстандық футболшы былтыр ЦСКА-дан «Бешикташқа» 4,5 миллион еуроға сатылған болатын.
«Біз Зайнутдиновті өз қатарымызға қосып, дұрыс таңдау жасадық. Ол өте мықты ойыншы, бізге ұнайды», - деді Айбаба.
Айта кету керек, осы маусымда Зайнутдинов «Бешикташ» сапында 28 ойын өткізіп, бір гол соқты. Қазақстандық футболшы қорғаушы позициясында ойнайды.