Жарнама
Жарнама

Қызылордалық «Қайсар» логотипін жаңартты

Редактор
11.01.2026, 09:54

Бұған дейін қостанайлық «Тобыл» атауы қазақшаланған еді

«Қайсар» футбол клубы

Қызылордалық «Қайсар» футбол клубы ресми түрде логотипін жаңартты. Бұл туралы команданың баспасөз қызметі хабарлады.

Сіздерге жағымды жаңалықты жариялап, клубымыздың логосы жаңа дизайнмен жаңарғанын хабарлаймыз. Жаңарған, жанданған логомызда қасқыр символымыз сақталып, заманауи стиль үйлесім тауып, клубтың рухы, мінезі және болашаққа деген ұмтылысы көрініс тапты. Бұл өзгеріс – даму жолындағы кезекті қадамымыз, – деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін қостанайлық футбол командасы жаңартылған логотипін көпшілікке ұсынды. Жаңа нұсқада клуб атауы «Тобол» емес, «Тобыл» деп таза қазақ тілінде жазылды.

Реклама
Реклама

Материалда: