Осылайша «Барселона» Испания Суперкубогын 16-рет жеңіп алды.
Футболдан Испания Суперкубогының финалдық кездесуінде «Барселона» мен «Реал» командалары кездесті.
Сауд Арабиясының Жидда қаласындағы «Король Абдалла Спортс Сити» стадионында өткен матч 3:2 есебімен «Барселонаның» пайдасына шешілді.
Каталониялық клуб сапында Рафинья дубль авторы атанса, тағы бір голды Роберт Левандовский соқты. Ал «Реал» құрамынан Винисиус Жуниор мен Гонсало Гарсия мергендік танытты.
Кездесудің 90+1-минутында «Барселона» командасының жартылай қорғаушысы Френки де Йонг қауіпті подкат үшін қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.
Осылайша «Барселона» Испания Суперкубогын 16-рет жеңіп алды. Ал «Реалдың» еншісінде бұл турнирдегі 13 трофей бар.
Испания Суперкубогы – 2025
Финал
«Барселона» (Барселона) – «Реал» (Мадрид) – 3:2 (2:2)
Голдар:
Рафинья – 36, 73; Левандовский – 45.
Винисиус – 45; Гарсия – 45.
Алаңнан қуылды:
Френки де Йонг – 90+1.