Жарнама
Жарнама

Ғалымжан Кенжебектің «Ахматта» қандай нөмірмен ойнайтыны анықталды

Редактор
12.01.2026, 20:50

Оның жаңа клубқа ауысқаны жайлы ресми түрде 10 қаңтар күні хабарланды.

«Ахмат» ФК

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебектің «Ахмат»клубында қандай нөмірмен өнер көрсететіні анықталды.

22 жастағы вингерге жаңа командасында 23-нөмір бұйырды. 

Еске салайық, медициналық тексерістен сәтті өткен Кенжебек 10 қаңтар күні ресми түрде Грозный клубының ойыншысы ретінде таныстырылған еді. Футболшымен жасалған келісімшарт мерзімі 4,5 жылға есептелген.

Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстан құрамасының тағы бір ойыншысы Максим Самородовта «Ахмат» сапында доп теуіп жүр. Ол командада 20-нөмірмен алаңға шығады.

Ғалымжан Кенжебек бұған дейін Семейдің «Елімайының» намысын қорғады. Бұл командада ол 19-нөмірмен ойнады. 22 жастағы футболшы мансабында «Жеңіс», «Мақтаарал», «Қайрат» клубтарында, сондай-ақ Словакияның «Кошице» және Кипрдің «Акритас Хлоракас» командаларында өнер көрсетті.

Реклама
Реклама