Мадияр Кембілов бұл лауазымды 2023 жылдан бері атқарып келеді
Мадияр Кембілов футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері қызметіндегі жұмысын аяқтады. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы ресми мәлімдеді.
Мадияр Кембілов аталған қызметке 2023 жылы тағайындалған болатын.
Қазақстан футбол федерациясы Мадияр Кембілов пен Жанна Мальгаждароваға атқарған еңбегі мен әйелдер футболының дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Сонымен бірге, екі маман да ҚФФ құрылымында жұмысын жалғастырып, елдегі әйелдер футболын жүйелі дамытуға бағытталған алдағы жобаларға қатысады, – деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар футболдан 19 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Қазақстан құрамасының аға бапкері Жанна Мальгаждарова да қызметінен кетті. Ол бұл команданы 2025 жылдың мамыр айынан бері басқарды.