Футболдан жастар құрамасына бас бапкер тағайындалды

Редактор
07.02.2024, 13:50

Ол бұған дейін «Ақсу» клубында жұмыс істеген

Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушы қызметіне Бауыржан Сағындық тағайындалды.

Белгілі маман футболшы ретінде «Ертіс», «Энергетик-2», «Намыс», «Астана-1964» және «Гефест» секілді командаларында ойнады.

Ал, бапкер ретіндегі жұмысын 2009 жылы «Ертіс» жастар командасында бастаған. 2017-2018 жылдары «Ертіс» ФК жастар футболын дамыту бағдарламасының басшысы қызметін атқарды. Сондай-ақ, Сағындық «Жұлдыз» және «Ақсу» футбол орталықтарында жұмыс істеді. 2017-2018 жылдары Қазақстан U-20 құрамасында бапкерлер штабында жұмыс атқарған.

2022 жылы Бауыржан Сағындық «Ақсу» футбол клубына жаттықтырушылар штабына шақырту алып, бас бапкердің көмекшісі болып бекітілген еді.