«Қайрат» ойыншысы израильдік клубқа ауысты

Редактор
07.02.2024, 10:21

Алматылық команда ойыншыны 500 мың еуроға сатқан

Қайрат ФК

Алматылық «Қайратта» ойнаған Артур Шушеначев Израильдің «Хапоэль» (Беэр-Шева) клубына ауысты. Бұл турал клуб басшылығы мәлімдеді.

Қазіргі уақытта екі команда 25 жастағы шабуылшыны сатып алу бойынша келісімді рәсімдеген. 

«Тараз» футбол клубының түлегі Артур «Қайратқа» 2017 жылы қосылған болатын. Сол жылғы маусымда негізгі команда құрамында алғашқы матчын өткізіп, 2018 жылы Қазақстан кубогында топ жарды. 2020 жылы «Қайратпен» бірге ел чемпионы атанды.

Артур Шушеначев 2021 жылы еурокубоктың топтық кезеңінде ойнады. Сондай-ақ, Қазақстан кубогының финалында гол соғып, команданың аталған трофейді екінші рет жеңіп алуы жолында шешуші рөл атқарды. Сол жылы барлық ресми матчта отандасымыз 23 гол соғып, қазақстандық футболшылар арасында үздік сұрмерген атанған. 

Жалпы, Шушеначев «Қайрат» құрамында барлығы 128 матч өткізіп, 45 гол соққан. Сонымен бірге, 9 нәтижелі пас берді. Белгілі болған дерек бойынша, Артур Шушеначев «Қайраттан» 500 мың еуроға сатылған.