«Бірде-бірін жеңе алмайды»: Кроос «Барселонаның» болашағы туралы айтты

Редактор
15.01.2026, 11:42

Тони Кроостың мәлімдемесі қызу талқыланып жатыр

© Carl Recine / Staf / Getty Images Sport

Мадридтік «Реал» клубының бұрынғы жартылай қорғаушысы Тони Кроос «Барселона» клубы 2025/2026 жылғы маусымда ешқандай халықаралық трофейді жеңіп ала алмайды» деп пікір білдірді. Неміс футболшысының бұл пікірі сұхбат барысында айтылғанын испаниялық Diario Sport басылымы жазып отыр.

Естеріңізде болса, жексенбі күні өткен Испания Суперкубогының финалында «Барселона» мадридтік «Реалды» 3:2 есебімен жеңіп, чемпион атанған болатын.

Финалдан кейін Тони Кроостың інісі, «Унион» клубының экс-жартылай қорғаушысы Феликс Кроос каталондық «Барселонаның» аяқ алысына баға берді.

«Барселона» Испания Суперкубогындағы жеңісіне әлі де риза. Бірақ енді оларды Чемпиондар лигасы күтіп тұр. Онда қарсыластары әлдеқайда жоғары деңгейде болады», - деді Феликс Кроос.

Сұхбат барысында оның сөзіне Тони Кроос «Олар бірде-бір халықаралық титул жеңе алмайды. Мен солай ойлаймын» деп жауап берді.

Айта кететін жайт, «Барселона» клубы Испания Суперкубогын өз тарихында 16-рет жеңіп алған.

Реклама
Реклама