Абат жолы - Чесноков пен Самородовқа үлгі. Өзбекстанда 10 стадион салынбады, депутат бөсіп жіберді

Редактор
07.02.2024, 22:05

Танымал әзілкеш Марат Достаев тағы да БІРІНШІ БОЛ қонағы болды.

1bol.kz

Подкаста стадион салу, Абаттың трансфері, Азия кубогында атой салған өзбек пен тәжік футболы сөз болды.

Сарапшылар Медиалиганы қатты сынады. Ермұхамед Мәулен Медиалигадағы арзан шоу мен жиі болатын төбелесті спортқа жат қылық деп есептейді. Марат Достаев болса, атына сай Медиалигада нағыз танымал (медиа) тұлғалар ойнағанын жөн санайды. Өйткені, кейбір командаларда әртістерден гөрі кәсіби футболшылар қаптап жүр. 

Подкаст қонағы Максим Самородов, Ислам Чесноков сияқты ұлттық құрама сапындағы талантты ойыншыларды Абат Айымбетовтен үлгі алып, Еуропа клубтарында ойнау мүмкіндігін қарастыруға шақырды. Марат Достаев Түркия суперлигасын – Еуропаға апаратын алтын көпір деп есептейді.