Биыл 35 жастан асқан ардагер футболшылардың әлем чемпионаты өтеді

Редактор
08.02.2024, 07:24

Жарыс Англияда 4-11 маусым аралығында ұйымдастырылмақ

UEFA

Биыл жазда спорттық мансабын аяқтаған футболшылардың арасында әлем чемпионаты өтеді деп хабарлайды Daily Mail.

Басылымның мәліметінше, аталған жарысқа барлығы сегіз команда қатысады. Олар:

Англия: Стив Макманаман (к), Робби Фаулер, Майкл Оуэн, Эшли Коул, Джо Коул, Рио Фердинанд, Фрэнк Лэмпард, Дэвид Джеймс (қ).

Аргентина: Эстебан Камбьяссо (к), Эрнан Креспо, Пабло Сабалета.

Бразилия: Эмерсон (к), Кака, Роналдиньо, Роберто Карлос, Ривалдо.

Германия: Кевин Кураньи (к), Месут Озил, Сами Хедира.

Испания: Мичел Сальгадо (к), Давид Вилья, Карлес Пуйоль, Икер Касильяс.

Италия: Марко Матерацци (к), Фабио Каннаваро, Франческо Тотти.

Уругвай: Диего Лугано (к), Диего Форлан.

Франция: Кристиан Карамбё (к), Тьерри Анри, Марсель Десайи.

Жарыс Англияда 4-11 маусым аралығында өтеді. Оған жоғарғы лигада 100-ден көп ойын өткізген, 35 жастан асқан футболшылар қатысады. Әр командадан алаңға 11 футболшы шығуы тиіс, матч 70 минутқа созылады.

Материалда: