«Қайраттың» Астанадағы соңғы ойынында «Брюгге» аямады

Редактор
20.01.2026, 22:44
instagram/@f.c.kairat

Алматының«Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі 7-турда бельгиялық «Брюгге» командасынан 1:4 есебімен жеңілді. Кездесу елордадағы «Астана Арена» стадионында өтті.

Қонақтар алғашқы таймда-ақ басымдықты өз қолына алды. 32-минутта Александар Станкович есеп ашса, 38-минутта Ханс Ванакен таблодағы көрсеткіштті ұлғайтты. Екінші таймда бельгиялықтар тағы екі рет мергендік танытты: 74-минутта Ромео Верман, 84-минутта Брэндон Мехеле көзге түсті.

Қосымша уақытта (90+2) «Қайрат» бір голмен жауап қайтарды. Қосалқы құрамнан алаңға шыққан команда капитаны Әділет Садыбеков мергендік танытты. Сөйтіп Алматы командасы өз алаңындағы соңғы ойында бір доп кіргізуге шамалары жетті.

Осы нәтиже алматылықтардың жалпы кестедегі орнын жақсартқан жоқ: команда 1 ұпаймен 36-орында тұр. Бұл «Қайраттың» биылғы Чемпиондар лигасындағы соңғы өз алаңындағы ойыны еді.

Енді  8-турда «Қайрат» Лондонда «Арсенал» командасына қарсы ойнайды. Кездесу 28 қаңтарда өтеді.

Реклама
Реклама

Материалда: