Ең нашар ойнаған ойыншылар». Анарбеков пен Тапалов сәтсіз матч өткізді

Редактор
Бүгін, 10:17

Оң қапталда ойнаған Тапалов Мамаду Диахонның толық «құрбанына» айналды

kazfootball.kz

Ресейлік Евро-футбол.ру порталы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі матчта бельгиялық «Брюгге» клубынан 1:4 есебімен ойсырай ұтылған алматылық «Қайрат» командасындағы ең әлсіз төрт футболшыны анықтады

«Өз алаңында «Қайраттың» күйреуіне себеп болған төрт абсолютті ең нашар ойыншы» — деп аталады мақала тақырыбы.

Осылайша, «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы жалпы кезеңдегі жолы аяқталуға жақын. Команданы әлі бір тур күтіп тұр, алайда алматылық клуб турнир кестесінің ең соңғы сатысында қалып отыр.

Рафаэль Уразбахтин шәкірттері бұл ойында жанкүйерлеріне көңіл көншітпейтін көрініс ұсынды. «Брюггеге» барлық компонент бойынша жол берген «Қайрат» өз алаңында ірі есеппен жеңілді. Ойында есте қалаларлық эпизодтар саусақпен санарлық.  Соның бірі Садыбеков соққан жалғыз гол ғана. Сондықтан матчтағы сәтсіздіктің негізгі себепкерлеріне тоқталуға тура келеді.

«Евро-футбол.ру» ойыншыларына субъективті баға берді: матч басында ең төменгі көрсеткіш — 6 балл деп белгіленсе, мүмкін болатын ең жоғары баға — 10 балл.

Матчтағы ең әлсіз төрт ойыншы

Еркін Тапалов – 3,0
Командалық тұрғыда «Қайраттың» әлсіз ойыны соншалық – ең нашар жеке көрсеткіштен бастау орынды. Оң қапталда ойнаған Тапалов Мамаду Диахонның толық «құрбанына» айналды. Диахон бірінші голға алып келген стандартты да, үшінші голды да тікелей өзі ұйымдастырды. Сонымен қатар, ол Тапаловты оңай айналып өтіп, төрт рет қауіпті шабуыл жасады.

Егор Сорокин – 3,0
Сол қапталда салыстырмалы түрде тұрақтылық болғанымен, Форбстың ортаға ойысып кіруі Сорокин үшін шешілмейтін мәселе болды. Екі сәтте қарсылас шабуылшы бес метр қашықтықтан гол соғуға тиіс еді, алайда қақпаға дөп тигізе алмады. Ал Сорокиннің сәтсіз артқа пас беруі жағдайды одан әрі ушықтырды.

Темірлан Анарбеков – 3,0
Сәтсіз артқа тасталған доптар тақырыбын жалғастырсақ, Анарбеков те бұл тұрғыда көзге түсті. Оның қақпадан шығудағы қателігі матчтағы алғашқы голға себеп болды. Сол сәтте Станкович жазалады. Кейін де қақпашы команданы құтқара алмады, нәтижесінде төрт гол жіберді.

Дан Глэйзер – 3,0
Қорғанысқа дем беруі тиіс тірек жартылай қорғаушы да өз міндетін атқара алмады. Глэйзер Ванакенді нашар бақылап, оның 84-минутта Мехеле үшін нәтижелі пас беруіне мүмкіндік жасады. Бұған дейін Ханс өзі де оңай гол соқты. Ал Глэйзердің еншісінде бірде-бір сәтті доп тартып алу немесе қауіпті соққы жоқ. Керісінше, бір сәтте оның сәтсіз артқа пасынан «Брюгге» шабуылы басталды.

Реклама
Реклама