Сенегал құрамасы Африка кубогының финалында Марокко командасын жеңген болатын.
Сенегал ұлттық құрамасының футболшылары Африка ұлттар кубогындағы тарихи жеңісі үшін 134 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы алады. Бұл туралы ел президенті Бассиру Диомай Фай командамен кездесуі барысында атап өтті.
Bloomberg агенттігінің жазуынша, Сенегал құрамасының футболшылары ел басшысымен Дакар қаласында кездескен. Сонымен қатар, футболшыларға астананың оңтүстігінде орналасқан Петит-Кот жағалауынан әрқайсысына 1,5 мың шаршы метр жер телімі берілмек.
Ал Сенегал футбол федерациясының өкілдері, жаттықтырушылар штабы және турнирге қатысқан делегация мүшелері де сыйақы мен көлемі кіші жер телімдеріне табысталады.
Естеріңізде болса, 18 қаңтар күні Сенегал құрамасы Африка кубогының финалында Марокко командасын 1:0 есебімен (овертаймда) жеңді. Ойынның соңына қарай матч шамамен 20 минутқа тоқтатылды. Бұған сенегалдық футболшылардың өз қақпасына тағайындалған пенальти мен соғылған голдың есепке алынбауына наразылық білдіріп, алаңнан кетуі себеп болған еді. Алайда марокколық футболшылар пенальтиді соға алмады. Осыдан кейін Сенегал құрамасы шешуші голды соғып, жеңіс тойын тойлады.