Каземиро «Манчестер Юнайтедтен» кететін болды

Редактор
Бүгін, 10:35

33 жастағы футболшының алда қай клубқа баратыны әзірге белгісіз

championat.com

Бразилиялық жартылай қорғаушы Каземироның биыл жазда «Манчестер Юнайтед» клубынан кететіні мәлім болды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Маусым соңында «Манчестер Юнайтед» клубының футболшымен келісімшарты аяқталады. Ал бұл ретте оны ары қарай ұзарту туралы ұсыныс жасалмаған.

Каземиро Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жанкүйерлерге алғыс білдіріп, алдағы төрт ай ішінде «клуб эмблемасы мен ортақ мақсат үшін бар күшін салатынын» атады. 33 жастағы футболшының алда қай клубқа баратыны әзірге белгісіз.

Каземиро «Манчестер Юнайтед» сапында 2022 жылдан бері ойнап келеді. Осы уақыт ішінде ол команда құрамында 146 матч өткізіп, 21 гол соғып, 13 нәтижелі пас берген. Клуб сапында ол Лига кубогы (2023) мен Англия кубогын (2024) иеленді.

Бұдан бөлек, Каземиро – Бразилия ұлттық құрамасының ойыншысы. Ұлттық құрама сапында 82 матч өткізіп, 8 гол соқты.

Реклама
Реклама