Сенегал президенті футболшылармен кездесуге екі әйелін ертіп келген

Редактор
Бүгін, 17:00

Президенттің алғашқы некесінен төрт баласы болса, екінші жұбайымен некеге 2023 жылы тұрған

x.com/EuroFootball

Африка ұлттары кубогы-2026 турнирінде Сенегал футболшыларының жеңісіне арналған қабылдауда ел президенті Бассиру Диомай Фай әлем жұртшылығының талқысына түсті.

Африканың батысындағы елді билеп отырған ол спортшыларды қабылдауға екі жұбайымен бірге көпшілік алдына шыққан.

Белгілі болғандай оның қос әйелі Мари Хон Фай мен Абса Фай ресми түрде бірінші ханым мәртебесіне ие көрінеді. Бұл Сенегал заңы бойынша рұқсат етілген, сондықтан Бассиру Диомай Фай ел тарихындағы көп әйел алған алғашқы президент атанып отыр.

Президенттің алғашқы некесінен төрт баласы болса, екінші жұбайымен некеге 2023 жылы тұрған.
 
Естеріңізде болса, 18 қаңтар күні Сенегал құрамасы Африка кубогының финалында Марокко командасын 1:0 есебімен (овертаймда) жеңген еді.

Кейін ел президенті футболшылар Африка ұлттар кубогындағы тарихи жеңісі үшін 134 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы алумен қатар, астананың оңтүстігінде орналасқан Петит-Кот жағалауынан әрқайсысына 1,5 мың шаршы метр жер телімі берілмек.

Реклама
Реклама

Материалда: