Головкин Ташкентке барды: GGG-ді Ирматов пен Полатов қарсы алды

Редактор
25.01.2026, 23:33

Ол бірқатар кездесу өткізеді.

instagram.com/gggboxing

Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің президенті әрі World Boxing ұйымының басшысы Геннадий Головкин Ташкент қаласына барды.

Геннадий Головкинді әуежайда Өзбекстан спортындағы бірқатар танымал тұлға қарсы алды. Олардың қатарында атақты футбол төрешісі, жергілікті федерация басшыларының бірі Равшан Ирматов, сондай-ақ Өзбекстан бокс федерациясының президенті, Asian Boxing ұйымының вице-президенті Сәкен Полатов бар.

Сонымен қатар желіде Головкиннің Азия Олимпиадалық кеңесінің вице-президенті Отабек Умаровпен кездескен сәтінен түсірілген бейнежазба да тарады.

Геннадий Головкин Ташкентке Азия Олимпиадалық кеңесінің ассамблеясына қатысу үшін барған.

Головкин Ташкентте бірқатар кездесу өткізуі мүмкін. Себебі 2026 жылы World Boxing ұйымдастыратын Әлем кубогының финалдық кезеңі Өзбекстанда өтеді.

Реклама
Реклама