Ресейлік футбол клубы Бахтиер Зайнутдиновтың қос голынан кейін пікір білдірді

Редактор
20.10.2023, 09:11

Жерлесіміз бұрын ЦСКА клубында доп тепкен

Фото ашық дереккөзден

Мәскеулік ЦСКА клубы Бахтиер Зайнутдиновтің Қазақстан құрамасы сапындағы соңғы ойындағы дубль жасауына таңданысын білдіріп, әлеуметтік желіде пікір білдірді. Клуб тарапы өздерінің бұрынғы ойыншысының Финляндияға қарсы ойында қос гол соғуын жоғары бағалаған.

«Біз бұл жаңалықты елеусіз қалдыра алмадық. Бахтиер Зайнутдинов – Қазақстан құрамасының тарихындағы үздік бомбардир! 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу ойындарында Бахтиер Финляндия қақпасына дубль жасады. Осылайша 14 голмен өз командасының тарихындағы үздік бомбардир атанды», – деп жазылған клубтың инстаграмдағы ресми парақшасында. 

Бұдан бірнеше күнде бұрын Қазақстан ұлттық құрамасы футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңдерінде Финляндияға қарсы ойында 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.