• «Осы дұрыс болды». Магомед Адиев Байсуфинов туралы айтты

Редактор
Бүгін, 09:29

. Ол ұлттық құраманы бірнеше рет басқарған, мол тәжірибесі бар бапкер

ҚФФ

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері, қазіргі таңда «Крылья Советов» клубын жаттықтырып жүрген Магомед Адиев Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) Талғат Байсуфиновты ұлттық құраманың бас бапкері етіп бекіту жөніндегі шешіміне пікір білдірді.

Ресейлік маман федерация таңдауы толықтай қисынды әрі негізді екенін атап өтті. Адиевтің айтуынша, Байсуфинов – ұлттық құраманың ішкі құрылымын, ойыншыларды және жұмыс жүйесін жақсы білетін, бейімделуді қажет етпейтін тәжірибелі маман.

«Талғат Байсуфиновтың тағайындалуын федерацияның өте дұрыс шешімі деп санаймын. Ол ұлттық құраманы бірнеше рет басқарған, мол тәжірибесі бар бапкер. Оның еңбегін мойындау керек: Байсуфинов әрдайым белгілі бір нәтижеге қол жеткізіп келді. Осындай тәжірибесі бар маманға сенім артудың өзі – орынды шешім», – деді Адиев Legalbet-ке берген сұхбатында.

Қазақстан құрамасын Ұлттар лигасының B дивизионына шығарған Магомед Адиев Талғат Байсуфиновты команданың жетістігін жалғастыра алатын лайықты мұрагер ретінде көреді. Айта кету керек, Байсуфиновтің жетекшілігімен ұлттық құрама уақытша бас бапкер ретінде-ақ сенсация жасап, 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Бельгиямен тең ойнады (1:1).

Соңғы жылдардағы қазақстандық футболдың ең жарқын кезеңдерімен тығыз байланысты маманның қолдауы – Байсуфинов үшін 2026 жылдың қыркүйегінде басталатын Ұлттар лигасы қарсаңындағы маңызды сенім авансы.

2026 жылға қойылған басты міндеттер

Енді Талғат Байсуфиновтің алдында ҚФФ басшылығы белгілеген бірқатар ауқымды мақсаттар тұр:

  • Ұлттар лигасында жеңіске жету – өз дивизионына оралып, жоғары нәтиже көрсету;
  • Жастармен жұмыс –  Магомед Адиев атап өткен «жаңа буын шабуылшы футболшыларын» ұлттық құрамаға жүйелі түрде енгізу.
Реклама
Реклама