«Реал» қақпасына гол салған украиналық қақпашы мәлімдеме жасады

Редактор
30.01.2026, 11:39

Осы голы арқылы ол командасының келесі кезеңге өтуіне мүмкіндік жасады. 

Depositphotos

Лиссабонның «Бенфика» клубының қақпасын күзететін украиналық Анатолий Трубин Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі соңғы турда мадридтік «Реалға» қарсы өткен матчтан кейінгі әсерімен бөлісті.

Плей-офф кезеңіне шығу үшін португалиялық команда кемінде екі доп айырмасымен жеңіске жетуі керек еді. Кездесу соңғы секундтарға дейін шиеленісті өтті. Есеп 3:2 болып тұрған 98-минутта Трубин стандартты жағдай кезінде қарсылас айып алаңына барып, баспен соққы жасап, шешуші – төртінші голды салды.

Осылайша матч 4:2 есебімен «Бенфиканың» пайдасына аяқталды. Бұл жеңіс лиссабондықтарға турнир кестесінде «Брюггеге» есе жіберген «Олимпикті» басып озуға себеп болды.

Матчтан кейін қақпашы әлеуметтік желідегі парақшасында:

«Кейде футбол сенің жоспарыңды жоқ сәтті де сыйлайды. Тіпті голды да. Бүгін бізді қолдаған барша жанкүйерге рақмет», – деп жазды.

Айта кетейік, Трубин Чемпиондар лигасындағы дебютін де дәл осы мадридтік «Реалға» қарсы өткізген болатын.

Реклама
Реклама