Қазақстанға Эрлинг Холанд келеді: Ұлттар лигасында ұлттық құраманың қарсыластары анықталды

Редактор
08.02.2024, 23:24

Биылғы жарыс жаңа форматта өтеді

Global Look Press

Парижде футболдан Ұлттар лигасының 2024/25 жылғы топтық кезеңінде ойнайтын командалардың жеребе тарту рәсімі өтті.

Айта кетейік, Магомед Адиев шәкірттері былтыр аталған турнирде сәтті өнер көрсетіп, B дивизионына көшкен болатын. Бүгінгі жеребе тарту рәсімінде Қазақстан құрамасы төртінші себетте болып, B3 тобына түсті. Енді біздің ұлттық команда Аустрия, Норвегия және Словениямен ойнайтын болады.

Ұлттар лигасының топтық кезеңі биыл 5 қазанда басталып, 19 қарашада аяқталады. Жарыстың форматына бұл жолы өзгеріс еніп, енді плей-офф кезеңіне жаңа раунд қосылады. Оның ойыны 2025 жылдың наурызында өтеді.