Абат Айымбетов FIFA симуляторында пайда болды

Редактор
09.02.2024, 09:15

Ол аталған ойынға кіргізілген үшінші қазақстандық футболшы

Vesti.kz

Түркияның «Адана Демирспор» клубына ауысқан қазақстандық шабуылшы Абат Айымбетов EA Sports FC 24 (бұрынғы FIFA) симуляторында пайда болды. 

Дегенмен, ойынды жасаушылар Айымбетовтің мүмкіндігін тым төмен бағалап, жалпы рейтингін 55 деп көрсеткен. «Адана» сапында барлығы 28 ойыншы болса, тек бір футболшы ғана Абаттан төмен рейтинг алған, ол – Иззет Челик (54).

Ойынды жасаушылар қазақстандық футболшыны ұзақ зерттеп бас қатырғысы келмесе керек, оның жылдамдығына өте төмен баға берген. Шындығында, Айымбетов өзінің жылдам шабуылдарымен көзге түскен футболшы.

Айта кетейік, аталған ойында тағы екі қазақстандық ойыншы бар. Олар: «Бешикташ» ойыншысы Бақтиер Зайнутдинов (69) пен қытайлық «Цанчжоу Майти Лайонс» клубында ойнайтын Георгий Жуков (65).